2023 жылғы 06 қыркүйекте сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың VII кезекті сессиясы өтті. Оған қала әкімі С.Сатаев, әкімнің орынбасарлары, бөлімдер мен мемлекеттік органдардың басшылары, сайлау комиссиясының, "AMANAT" партиясының, қалалық Қоғамдық кеңестің төрағалары қатысты. Сессияда депутаттар қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен депутаттар алдындағы міндеттер туралы есебін тыңдады. Есепте қала экономикасының, туризмнің, құрылыстың, жылумен жабдықтаудың, сумен жабдықтаудың жай-күйі және тағы басқа айтылды. Қала әкімі әкімдік депутаттармен бірге тығыз байланыста қаланың дамуы мен халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.