Ағымдағы жылдың 06 мамырында аудандық мәслихат төрағасы Р.Абеуов, "Аманат" партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы С.Ошақбаев және аудандық мәслихат аппарат басшысы Ж.Тажибаев Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша марапатталған Ақтоғай ауылындағы тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, мерекемен құттықтап, "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерекелік медальдарын табыстады.
