Ақтоғай аудандық мәслихатының кезекті 56 сессиясы 2026 жылдың 25 қыркүйек күні (Ә.Бөкейхан көшесі, 4) өтті.

Күн тәртібінде:
- ҚР Президентінің 2006 жылғы 18-қаңтардағы №19- Жарлығына сәйкес аудан әкімінің аудандық мәслихат депутаттары алдындағы өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындау туралы есебі.
- Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы 43 сессиясының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» № 349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы 14 сессиясының «Ақтоғай ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссиясының жаңа құрамдарын сайлау туралы» №109 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Ақтоғай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы.
- Аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 12 ақпандағы 45 сессиясының «Ақтоғай ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» №368 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
- Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының редакциялық комиссиясы туралы.