
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ақтоғай ауылында, Шатырша тауының бөктерінде орналасқан бұлақ маңында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында аумақ тазаланып, қоршаулар орнатылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Аталған бастама қоршаған ортаны қорғау, елді мекен аумағын абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Туған жердің табиғатын қорғау және оны көркейту – баршамызға ортақ міндет.