Ақтоғай аудандық мәслихатының кезектен тыс 55 сессиясы 2026 жылдың 27 тамыз күні (Ә.Бөкейхан көшесі, 4) өтті.

Күн тәртібінде:
- «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Ақтоғай аудандық мәслихат депутаты С.Н.Ошақбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
- Қарағанды облысы «Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы 14 сессиясының «Ақтоғай ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссиясының жаңа құрамдарын сайлау туралы» №109 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 қарашадағы «Жер беру жөніндегі аудандық комиссиясының құрамын құру туралы» № 216 шешіміне өзгеріс енгізу туралы