2026 жылдың 14 мамырында Шабанбай би, Қызыларай ауылдық округтерінің тұрғындарымен №5 сайлау округінен аудандық мәслихат депутаты Р.Абеуов өз сайлаушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл тұрғындары көтерген өзекті мәселелер талқыланды. Сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, тиісті түсініктемелер берілді.
