2026 жылдың 21-22 сәуірінде №11 сайлау округінен аудандық мәслихат депутаты Қ.Қадрберлин өз сайлаушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында депутат өз тарабынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, тұрғындар көтерген өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу соңынан депутат тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін, өтініштерін қабылдады.
