Ақтоғай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы және кезектен тыс 49 сессиясы 2026 жылдың 15 сәуір күні (Ә.Бөкейхан көшесі, 4, үлкен залда) өтті.
Күн тәртібінде:
Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы 29 сессиясының «Ақтоғай аудандық округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы» № 223 шешіміне және 2023 жылғы 26 желтоқсандағы 14 сессиясының «Ақтоғай ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссиясының жаңа құрамдарын сайлау туралы » №109 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 қарашадағы «Жер беру жөніндегі аудандық комиссиясының құрамын құру туралы» № 216 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.