Ақтоғай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы және кезекті 46 сессиясы 2026 жылдың 26 ақпан күні (Ә.Бөкейхан көшесі, 4, үлкен залда) өтеді.

Ақтоғай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы және кезекті 46 сессиясы 2026 жылдың 26 ақпан күні (Ә.Бөкейхан көшесі, 4, үлкен залда) өтеді.

Күн тәртібінде:

1.«Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы кооперациясын, сондай-ақ ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру және жер қатынастарын жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.     

2. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы кезекті 43 сессиясының «Ақтоғай ауданының 2026-2030 жылдарға  арналған даму жоспарын бекіту туралы» № 352 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

3. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы 14 сессиясының «Ақтоғай ауданы бойынша учаскелік  сайлау     комиссиясының жаңа құрамдарын  сайлау туралы » №109 шешіміне өзгерістер  енгізу туралы.

4. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31 наурыздағы «Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 282 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5. «Ақтоғай аудандық мәслихаты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 05 қыркүйектегі № 64 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.