Ақтоғай ауданында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынның күн тәртібіндегі мәселе Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа редакциясының жобасын талқылау және сараптамалық баға беру болды. Отырыс барысында кеңес мүшелері реформаның институциялық маңызына тоқталды. Қоғам белсенділері жаңа жобадағы "Халық кеңесі" мен "Құрылтай" институттарының енгізілуін жоғары бағалады. Бұл қадам мемлкеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қоғамның тікелей қатысуын қамтамасыз етіп, билік пен халық арасындағы кері байланысты нығайтады. Кеңес төрағасы мен мүшелері Конституция мәтінін 84 % жаңартылғанын, бұл посткеңестік басқару моделінен заманауи демократиялық мемлекет құрылымына өтудің айқын нышаны екенін атап өтті. Жиын соңында Қоғамдық кеңес тарапынан реформаны қолдау және халық арасында ақпараттық жұмыстарды күшейту туралы шешім қабылданды.