2025 жылдың 18 қыркүйегінде Нарманбет ауылдық округінің әкімдік ғимаратында №11 сайлау округінен аудандық мәслихат депутаты К.Кадрберлин өз сайлаушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында депутат өз тарабынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, тұрғындар көтерген өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу соңынан депутат тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін, өтініштерін қабылдады.
