Ақтоғай ауданында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті. Аудан орталығындағы ескерткіш тақтаға гүлшоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялап, әруақтарға тағзым етілді. Аталған шарада жазықсыз құрбандардың ұрпақтары сөз алып, тарихқа көз жүгіртті. Шараға аудандық мәслихат төрағасы Р.Әбеуов және ауданның қоғамдық ұйым өкілдері және тұрғындар қатысты. Сонымен қатар жетім балалар мектебі болған Қарамойындағы ескерткішке де гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды.
