Ағымдағы жылдың 15 мамырында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 15 мамырында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 15 мамырында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізіліп, 2024 жылғы аудандық және ауылдық бюджеттердің орындалуы туралы есептердің жобалары қаралды. 2024 жылғы аудандық бюджет пен ауылдық бюджеттердің орындалуы туралы «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Б.Р. Муталяпова баяндама жасады, сондай-ақ 2024 жылғы аудандық бюджет пен ауылдық бюджеттердің орындалуы туралы есеппен Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі М.Х. Бектурова сөз сөйледі. 2024 жылғы бюджеттің орындалуы бойынша депутаттар бюджеттік бағдарламалар әкімшісі «Абай ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы О.В. Цойды тыңдады. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің 2024 жылғы бюджеттерінің орындалуы жөнінде Южный кентінің және Құлаайғыр а/о әкімдері сөз сөйледі. Тұрақты комиссиялардың жұмысына аудан әкімінің орынбасары Е. С. Аскаров, «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Б.Р.Тулегенов, Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.А. Цай, ММ басшылары, қала, ауыл, кент әкімдері және а/о қатысты.