2022 жылғы 1 желтоқсанда Абай аудандық мәслихатының 31 кезектен тыс сессиясы өтті

2022 жылғы 1 желтоқсанда Абай аудандық мәслихатының 31 кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін, 2022 жылғы 1 желтоқсанда онлайн режимде Абай аудандық мәслихатының хатшысы Д. М.Сакеновтың төрағалығымен Абай аудандық мәслихатының 31 кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібі бойынша 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер жөнінде "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ басшысы Б.Р. Муталяпова баяндама жасады. Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 16/156 "Абай ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы" шешімінің орындалу барысы туралы "Абай ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" ММ бас маманы А.А. Аманжолов баяндады. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысы А. Т. Сейфуллина Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 30/310 «Абай ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасады. Барлық қаралған мәселелер бойынша депутаттар мәслихат шешімдерін қабылдады. Сессия жұмысына Абай ауданының әкімі Б.К. Асанов қатысты.