
Бүгін 2026 жылғы 8 сәуірде Абай аудандық мәслихатының 51 кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия күн тәртібінің мәселесі бойынша Абай қаласының, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы Б.Р. Муталяпова сөз сөйледі. Бөлінген қаражат Дубовка ауылындағы: Абай, Самал, Ынтымақ, Қ.Аманжолова, Байқоңыр, Береке, Алаш, Достық, Ақ жол, Алабас көшелерінің бойындағы ауылішілік-автокөлік жолдарының орташа жөндеунің аяқталуына жұмсалады. Жөндеуге жататын жолдардың жалпы ұзындығы 8,85 шақырымды құрайды. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, Абай ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы, ауданның ауыл, кент, ауылдық округтер әкімдері қатысты.