
2026 жылғы 7 сәуірде Абай аудандық мәслихатында тұрақты комиссиялардың «Бақылау күні» өтіп, аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 14 наурыздағы № 16/153 «Топар кенті мен Дубовка ауылдық округі тұрғындарының жайлы өмір сүру ортасы үшін жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» шешімінің орындалу барысы қарастырылды. Баяндамалармен Топар кентінің әкімі М.М.Сафаров пен Дубовка а/о әкімі Е.Д.Кисраунов тыңдалды. Мәслихат депутаттары А.Ж.Башекова мен А.О.Абишев балалар алаңына қызмет көрсету мәселесін, сонымен қатар Дубовка а/о заңсыз үйінділер бойынша мәселесін қозғады. Күн тәртібінің екінші сұрағы бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2025 жылғы 27 қарашадағы №43 «Абай аудандық ветеринарлық станция» ШЖҚ МКК қызметі туралы» қаулысының орындалу барысы туралы аудандық ветеринарлық станцияның басшысы А.Т.Саменбаев тындалды. Мәслихат депутаттары аудандағы мал қорымдарының жағдайына бақылау жүргізу және елді мекендерде жаңа мал қорымдарын салу мәселелері көтерілді. Отырыс нәтижесі бойынша депутаттар тиісті қаулыларды қабылдады. Комиссия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, ауданның қоғамдық Кеңесінің төрағасы, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы қатысты.