2026 жылғы 7 сәуірде Абай аудандық мәслихатында әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өткізілді

2026 жылғы 7 сәуірде Абай аудандық мәслихатында әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты  комиссияның отырысы өткізілді

2026 жылғы 7 сәуірде Абай аудандық мәслихатында әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты  комиссияның отырысы өткізілді. ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының жүзеге асырылу барысы туралы «Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы А.Қ.Қайықбай баяндама жасады. Арман Қобыландыұлы ауданда тілдерді оқыту Орталығының ашылу қажеттілігі туралы мәселені көтеріп, қазіргі таңда тұрғындар арасында мемлекеттік және шет тілдерін оқуға сұраныстың өсуін атап өтті, бірақ материалдық-техникалық, қаржылық және кадрлық мүмкіндіктердің шектеулігіне байланысты оқумен барлық қалағандар қамтылмайды. Сұрақты қарастыру нәтижесі бойынша тұрақты комиссиямен тиісті қаулы қабылданды. Комиссия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, ММ басшылары, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, «AMANAT» партиясының Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, Абай ауданының қоғамдық Кеңесінің төрағасы қатысты.