
Бүгін, 7 сәуірде Абай аудандық мәслихатының 50 кезектен тыс сессиясы өтті. Аудандық бюджетке өзгерістер енгізу қажеттілігі сессияны шақыруға негіз болды. Бюджетке енгізілетін өзгерістер туралы баяндамамен «Қаржы және экономика бөлімі» ММ басшысы Б.Р. Муталяпова сөз сөйледі. Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне өзгерістер енгізу туралы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы А.Ш. Таласов баяндады. Сондай-ақ, мәслихат депутаттарымен ауданның консультативтік-кеңесші органдарының құрамына өзгерістер енгізілді. Сессияның жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның Қоғамдық кеңес төрағасы, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы қатысты