
Бүгін, 2026 жылғы 04 наурызда Д.М. Сакеновтың төрағалығымен Абай аудандық мәслихатының 48 кезектен тыс сессиясы өтті. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларына өзгерістер енгізу туралы баяндамамен «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы А.Ш.Таласов сөз сөйледі. Сондай-ақ, мәслихат депутаттары ауданның консультативтік-кеңесші органдарының құрамына өзгерістер енгізді. Барлық қарастырылған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары К.Б. Кабдуалиева қатысты.