
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық коалициясының мүшелері Нүркен Әбдіров атындағы мектептің еңбек ұжымымен Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасының нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Кездесуге қатысушыларға Конституцияға ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсініктемелер берілді. Коалиция мүшелері өз сөздерінде әрбір азаматтың Конституция жобасын талқылауға қатысуының маңыздылығын атап өтті