
2026 жылғы 23 ақпанда Д.М. Сакеновтың төрағалығымен Абай аудандық мәслихатының 47 кезектен тыс сессиясы өтті. «Абай ауданының қаржы және экономика бөлімі» ММ басшысы Б.Р. Муталяпова, Абай қаласының, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы күн тәртібінің мәселесі бойынша сөз сөйледі. Сессияда жарықтандыруға, көркейтуге және көгалдандыруға, рұқсатсыз төгілген қоқыстарды шығаруға, ауданның елді мекендеріндегі автомобиль жолдарын жөндеуге қаражат бөлінді. Қарабас кентінде қаражат жолдарға топырақ төгуге, Дубовка ауылында жолдарды орташа жөндеуді аяқтауға жіберіліп, Мичурин а/о Ягодное ауылында контейнерлік қоқыс алаңы орнатылады. Әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған басқа да ауылдық елді мекендердің бюджеттеріне бірқатар өзгерістер қабылданды. Сессияның жұмысына аудан әкімінің орынбасары Е.С.Аскаров, мемлекеттік мекемелердің басшылары, қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты