
Бүгін, 2026 жылғы 28 қаңтарда ZOOM режимінде Д.М. Сакеновтың төрағалығымен Абай аудандық мәслихатының 45 кезектен тыс сессиясы өтті. Бірінші мәселе бойынша Абай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарына өзгерістер енгізу туралы баяндамамен «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Б.Р.Муталяпова сөз сөйледі. Депутаттармен, учаскелік сайлау комиссияларының нөмірленуі мен құрамдарына және Абай ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамына өзгерістер бекітілді. Қаралып отырған мәселелер бойынша мәслихат шешімдері қабылданды. Сессияның жұмысына аудан әкімінің орынбасары Е.С.Аскаров, Абай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С.Н. Кенжебаев, БАҚ өкілі қатысты.