
2026 жылдың 28 қаңтарында Абай ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді. «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Б.Р.Муталяпова Қоғамдық кеңес мүшелеріне «Абай ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және ауданның 2026 жылға арналған даму жоспарлары туралы» баяндады. «Абай ауданы Қоғамдық кеңесінің 2025 жылғы атқарған жұмысы туралы» есебімен Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.А. Цай сөз сөйледі. Қоғамдық кеңестің мүшелері Абай ауданы Қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті. Қоғамдық кеңестің жұмысына Абай аудандық мәслихатының төрағасы Д.Сакенов қатысты