
Бүгін, 16 қаңтарда Абай аудандық мәслихатында «Абай қаласы әкімінің аппараты» және «Топар кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелерінде Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының аудиторлық қорытындысының нәтижелерін қарау мәселесі бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Анықталған бұзушылықтар және оларды жою жөніндегі шаралар туралы ақпаратпен Абай қаласының әкімі Н.Б.Тасмағамбетов пен Топар кентінің әкімі М.М. Сафаров тыңдалды. Мәслихат депутаттары нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу жөніндегі жұмысты жалғастыруды және бұдан әрі ҚР бюджет заңнамасын бұзушылықтарды болдырмау шараларын қабылдауды ұсынды. Тұрақты комиссиялардың отырысына аудан әкімінің орынбасары Е.С.Асқаров, ауданның ауыл, кент және ауылдық округтер әкімдері қатысты.