
Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында Абай аудандық мәслихатының 44 кезектен тыс сессиясы өтті. «2064-2028 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қаланың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» мәселе бойынша «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Б.Р. Муталяпова баяндама жасады. Сессия жұмысына Абай ауданының әкімі С.Т. Оспанов, аудан әкімінің орынбасарлары, қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Д.К.Халел, Абай ауданың Қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.А. Цай қатысты.