
Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында Абай аудандық мәслихатының 43 кезекті сессиясы өткізіліп, 2026-2028 жылдарға арналған аудан бюджеті бекітілді. Абай аудандық мәслихатының төрағасы Д.М. Сакенов мәслихаттың 2025 жылы атқарған жұмысы туралы есеп берді. Депутаттар Абай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекітті. Сессияда сондай-ақ, Абай ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды іске асыру және Абай ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы мәселелер қаралды. Абай аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қабылданды. Сессия жұмысына Абай ауданының әкімі С.Т.Оспанов, аудан әкімінің орынбасарлары, Абай қаласының, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Д.К. Халел, Абай ауданының Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Б.А.Цай қатысты.