2025 жылғы 28 қарашада Абай аудандық мәслихатының 42 кезектен тыс сессиясы өтті

2025 жылғы 28 қарашада Абай аудандық мәслихатының 42 кезектен тыс сессиясы өтті

2025 жылғы 28 қарашада Абай аудандық мәслихатының 42 кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияны шақыруға Абай қаласының, ауылдардың, кенттердің, ауданның ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу қажеттілігі негіз болды. Бюджетке енгізілетін өзгерістер туралы «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Б.Р. Муталяпова баяндама жасады. Сессияда Абай қаласындағы 3 көппәтерлі үйдің шатырын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды аяқтауға, Қарабас кентінің Достық көшесі бойынша 8  жарықтандыру тіректерін орнатуға, Ынтымақ көшесінен Дубовка ауылының орталық аялдамасына дейінгі жаяу жүргіншілер жолының аумағын жайластыруға қаражат бөлінді. Көшелерді жарықтандыруды қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттерге және басқа да ауылдық елді мекендерге бірқатар өзгерістер қабылданды. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Е.С. Асқаров, Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Абай ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, "AMANAT" партиясы Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы қатысты.