
2025 жылғы 27 қарашада Д.М. Сакеновтың төрағалығымен Абай аудандық мәслихатының 41 кезектен тыс сессиясы өткізілді. Аудандық бюджетке енгізілетін өзгерістер туралы «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Б.Р.Муталяпова баяндама жасады. Бөлінетін қаражаттар: үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету, инватакси қызметтері, үздіксіз жылу және сумен жабдықтауды қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталатын болады. Депутаттар жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін 4% -дан 2% -ға дейін төмендету туралы шешімді қолдап, және бекітті. Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерге байланысты мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылды. Қаралған мәселелер бойынша депутаттар мәслихат шешімдерін қабылдады. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Е.С. Аскаров, Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Абай ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, БАҚ өкілі қатысты.