26 қыркүйекте Абай аудандық мәслихатының 40 кезектен тыс сессиясы өтті

26 қыркүйекте Абай аудандық мәслихатының 40 кезектен тыс сессиясы өтті

26 қыркүйекте Абай аудандық мәслихатының 40 кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияны шақыруға ауылдық елді мекендердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу қажеттілігі негіз болып, «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Б.Р. Муталяпова баяндама жасады. Абай қаласындағы жаңа қосылған тіректер бойынша көше жарығының электр энергиясын төлеуге, жол желілерін ағымдағы жөндеуге және т.б. қаражат бөлінді. Сондай-ақ, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді. Қаралған мәселелер бойынша депутаттар мәслихат шешімдерді қабылдады. Сессияның жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, ММ басшылары, қаланың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.