Бүгін, ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Абай аудандық мәслихатының 39 кезектен тыс сессиясы өтті. Тұрғын үй-коммуналдық мәселелерін шұғыл түрде шешу қажеттілігіне байланысты «Абай ауданының экономика және қаржы бөлім» ММ басшысы Б.Р. Муталяпова нақтылауға жататын аудандық бюджет параметрлерін депутаттардың қарауына енгізді. Қаралған мәселе бойынша депутаттар шешім қабылдады. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары - Айдос Елеубекович Аскаров, Клара Бапаровна Кабдуалиева, ММ басшылары, қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.