Бүгін, 2025 жылғы 11 қыркүйекте Абай аудандық мәслихатының 38 кезекті сессиясы өтті. Депутаттар алдында жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы жыл сайынғы есеппен Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.С. Асқаров сөз сөйледі. Сессияда «Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің «Абай ауданында мәдени-көпшілік демалысты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы» мәселе қаралып, «Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы А.К. Бапанов баяндама жасады. «Абай ауданының Мичурин ауылдық округі Агрогородок ауылының шекарасын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы» мәселе бойынша «Абай ауданының жер қатынастары және сәулет бөлімі» ММ басшысы Ж.Б. Жұмабаеваны тыңдады. Мәслихат депутаттары ауданның консультативтік-кеңесші органдарының құрамына өзгерістер енгізіп, аудандық мәслихаттың 2025 жылдың 4 тоқсанына арналған жұмыс жоспарын бекітті. Барлық қарастырылған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауыл, кент әкімдері, а/о, ММ басшылары қатысты.