Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Абай аудандық мәслихатының 36 кезектен тыс сессиясы өтті

Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Абай аудандық мәслихатының 36 кезектен тыс сессиясы өтті

Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Абай аудандық мәслихатының 36 кезектен тыс сессиясы өтті. Бірінші мәселе бойынша «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Б.Р. Муталяпова ауылдық елді мекендердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу жөнінде баяндама жасады. Абай ауданының Дубовка ауылдық округі Дубовка ауылының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы екінші мәселе бойынша «Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Ж.Б. Жумабаеваны тыңдады.Абай ауданы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді. Қарау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Абай қаласының, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдері, «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының төрағасы қатысты