2025 жылғы 26 маусымда онлайн режимінде өткізілген Абай аудандық мәслихатының 34 кезекті сессиясында аудандық бюджеттің және Абай қаласының, ауылдардың, кенттердің, ауылдық окрутер бюджеттерінің орындалуы туралы есептер бекітілді.

2025 жылғы 26 маусымда онлайн режимінде өткізілген Абай аудандық мәслихатының 34 кезекті сессиясында аудандық бюджеттің және Абай қаласының, ауылдардың, кенттердің, ауылдық окрутер бюджеттерінің орындалуы туралы есептер бекітілді.

       2025 жылғы 26 маусымда онлайн режимінде өткізілген Абай аудандық мәслихатының 34 кезекті сессиясында аудандық бюджеттің және Абай қаласының, ауылдардың, кенттердің, ауылдық окрутер бюджеттерінің орындалуы туралы есептер бекітілді. 2024-2025 жылдардағы жылу кезеңінің қорытындылары мен 2025-2026 жылдардағы жылу кезеңіне дайындық туралы «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС директорының м.а. В.А. Абдыкаликова баяндады. Абай ауданы бойынша Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспар мен 2025 жылға арналған аудан бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшері бекітілді. Сессияда учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалғандардың орнына жаңа мүшелер енгізіліп, аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрамына өзгерістер енгізілді. Барлық қаралған мәселелер бойынша мәслихаттың шешімдері қабылданды. Сессияның жұмысына Абай ауданы әкімінің м.а. Е.С.Аскаров, аудан әкімінің орынбасарлары,  Абай қаласының, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің қызметшілері, Абай ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының  төрағасы қатысты.