Бүгін, 2025 жылғы 29 мамырда аудандық мәслихаттың әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Абай ауданындағы кәмелетке толмағандар мен балалар қылмыстарының алдын алу бойынша жұмыстың жай-күйі туралы Абай ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция тобының аға инспекторы О.В.Калашиди тыңдалып, ол осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі аспектілері туралы қатысушылардың назарына жеткізді. Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар тиісті қаулы қабылдады. Отырысқа Қоғамдық кеңестің төрағасы, "Аманат" партиясының Абай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауданның ауыл, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты