Бүгін, 2025 жылғы 29 мамырда Абай аудандық мәслихатының 33-ші кезектен тыс сессиясы өтті. Бірінші мәселе бойынша “Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ басшысы Б.Р.Муталяпова 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады. Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Абай ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша А.Т.Сейфуллина тыңдалды. Мәслихат депутаттары Абай ауданы бойынша жер комиссиясының жаңа құрамын бекітті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Е.С.Асқаров, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы, "AMANAT" партиясының Абай аудандық филиалының төрағасы қатысты. Барлық қаралған мәселелер бойынша мәслихат шешімдері қабылданды.