Құрметті әйелдер!
Құрметті аналар, апа-қарындастар!
Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке көктемнің басталуын, өмірдегі ең жақсы өзгерістерге деген жарқын үміттерді білдіреді.
Көктемнің гүліндей жайнаған ханымдарға, ақ жаулықты апаларға, бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеген аналарымызға, қыз-келіншектер мен қарындастарға, қылықты қыздарымызға осынау мерекеде бар жақсылықты тілейміз.
Отбасы құндылықтарын сақтай отырып, бала тәрбиелеп, сонымен қатар жұмыс пен қызметті де қатар алып жүретін ерекше жансыздар.
Біздің ауданымыздың барлық даму салаларында - білім беру, денсаулық сақтау жүйесінде, кәсіпорындарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ханымдардың қосқан үлесі зор. Сіздерге күрделі міндеттер жүктеледі, сіздер бізге кез келген қиындықтарды жеңуге көмектесесіз, жаңа жеңістерге шабыттандырасыз. Сонымен қатар сіздер сүйкімділіктеріңіз бен сұлулықтарыңызды, тартымды қылықтарыңызды сақтап отырасыздар.
Үйлеріңізде әрдайым махаббат пен амандық салтанат құрсын, жақындарыңыз сізді қамқорлық пен ілтипатпен қоршасын, ал жаңа көктем қуаныш пен тілектердің орындалуына әкелсін! Арман-тілектеріңіз айқындалып, аман сау болыңыздар!
Қарабалық аудандық мәслихатының хатшысы
А. Тюлюбаев