Ағымдағы жылдың 25-26 желтоқсанында Қарабалық аудандық мәслихатының кезекті ХІІ сессиясы өткізілді, оған аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.
Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес сессияда Қарабалық ауданының 2026 - 2028 жылдарға арналған бюджеті; Қарабалық аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған тұрақты комиссияларының жұмыс қорытындылары; Қарабалық ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары; Қарабалық аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары және Қарабалық ауданының ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің 2026-2027 жылдарға бюджеттері қаралды.
Қарабалық ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудан және ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің мәселелері бойынша аудан әкімінің орынбасары А.А. Сиитова сөз сөйледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысы туралы 2025 жылы комиссия төрағалары Т.А. Леванова, И.В. Свиркович есеп берді.
Сондай-ақ, Қарабалық ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму және аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді.