
Бүгін Г.С. Балбаеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті, онда аудан және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу; Қарабалық ауданының жер комиссиясының дербес құрамын бекіту мәселелері қаралды.
Ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне және аудандық бюджетке өзгерістер енгізу мәселелері бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысы А.Б. Кусайынованы тыңдады.
Ауданның жер комиссиясының жұмысы және комиссияның құрамы туралы жер қатынастары бөлімінің басшысы А.М. Алимбаев сөз сөйледі.
Кезектен тыс сессияға шығарылған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.