Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті, онда 2026-2028 жылдарға арналған Боскөл ауылының, Өрнек, Михайлов және Тоғызақ ауылдық округтері бюджеттерінің жобалары, сондай-ақ Қарабалық ауданы бойынша бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы мәселе қаралды.
Отырыс барысында бюджет жобалары бойынша жоғарыда аталған ауылдық округтер мен ауылдың әкімдері сөз сөйледі. Отырысты өткізудің мақсаты - келешектегі аса маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау.
Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету мәселесі бойынша Қарабалық ауданындағы Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры М.М. Тулебаев, Қарабалық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е.Т. Махмутов және аудан әкімдігінің экономика бөлімінің басшысы А.Б. Кусаинова тыңдалды. Депутаттар көпшілік дауыспен салықты сол деңгейде қалдыру туралы шешім қабылдады.
Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.
Отырыс соңында тиісті қаулы қабылданды.