Бүгін, 2025 жылғы 12 маусымда Приречное ауылында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының көшпелі отырысы өтті, онда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және Өрнек ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері қаралды.
Отырыс барысында Қарабалық ауданының білім бөлімінің басшысы Д.С. Сапанова, Өрнек ауылдық округінің әкімі У.М. Қалдаманов, Приречное негізгі мектебінің директоры Т.С. Наурызбаев, Приречное с. фельдшерлік-акушерлік пунктінің фельдшері Г.К. Конакбаева, ауылдық Мәдениет клубының мәдени ұйымдастырушысы Е.В. Свинарева, учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны М.Б. Кусаинов, ветеринарлық дәрігер Т.Ә. Бектас тыңдалды.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі бойынша депутаттар лагерьдің іргелес және ішкі аумағы қойылатын барлық талаптарға сәйкес келетінін атап өтті.
Өз сөзінде ауылдық округ әкімі округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін, кіріс көздерін қалыптастыру және округтің таяу келешегі туралы ақпаратты айтты.
Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаттары М.Б. Танылов, М.А. Кужарова сөз сөйледі.
Отырыс соңында тиісті қаулылар қабылданды.