Бүгін Г.С. Балбаеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті, онда ауданның және ауылдық округтердің бюджеттеріне; Қарабалық ауданы әкімдігі жанындағы аудандық комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу; жайылымдарды басқару және оларды пайдаланудың 2025-2029 жылдарға арналған жоспарын бекіту; кейбір учаскелік сайлау комиссияларын тарату; шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау мәселелері қаралды.
Ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне және аудандық бюджетке өзгерістер енгізу мәселелері бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Б. Кусайынованы тыңдады.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша жер қатынастары бөлімінің басшысы А.М. Алимбаев сөз сөйледі.
Кейбір учаскелік сайлау комиссияларының таратылуына байланысты олардың қызметі тоқтатылды.
Кезектен тыс сессияға шығарылған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.