
Құрметті жерлестер!
1991 жылғы 16 желтоқсан – төл тарихымыздағы мерейлі белес. Бұл – егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн және Тәуелсіздікке айтарлықтай үлес қосқан ұлттық батырларды еске алу күні ретінде атап өтіледі.
Қазақстан - бүкіл халықаралық қауымдастық мойындаған, дамыған экономикасы және біртұтас ұлтты бар Егеменді ел.
Тарихи стандарттар бойынша жас мемлекет болса да, экономикада, ішкі және сыртқы саясатта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.
Тәуелсіздік күні - мемлекеттілікті табысты дамытуға және нығайтуға бағытталған бірлік мерекесі, республиканы егемендікке жетелеген батырларды еске алу күні.
Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Осы айтулы күні баршаарға зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық, Елімізге және әрбір отбасымызға бірлік пен өркендеу тілеймін тілеймін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы Г. Балбаева