Меню
Страницы

Баршаңызды әлемдегі күллі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңызды әлемдегі күллі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті жерлестер!

 

Баршаңызды әлемдегі күллі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – ізгілік пен мейірбандықтың, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы.

Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.

Біздің елімізде Құрбан айт әртүрлі этностар мен дін өкілдері арасында өзара сыйластықтың, достық пен бірліктің бірегей дәстүрлерін сақтауға және оны нығайта түсуге ықпал етеді.

Қазақстан халқының игі құндылықтарын, сан ғасырлық мәдени және тарихи мұраларын сақтап, одан әрі дамыта түсуге септігін тигізеді.

Біздің елімізде осынау жарқын мейрамның алғашқы күні демалыс күні ретінде жарияланып, рәсімдерді өткізуге барлық жағдай жасалған.

Баршаңызды бүгінгі қасиетті мейраммен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, тыныштық, амандық пен өсіп-өркендеу тілеймін!

Құрбан айт қабыл болсын!

 

Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы Г.С. Балбаева

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты