
Құрметті Қарабалық ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді біздің еліміз үшін шын мәнінде ерекше мереке Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыздың еркімен қабылданған Ата Заңымыз адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп жариялаған. Таңдаған жолымыздың дұрыстығы арқасында ел тәуелсіздігінің қалыптасу жолынан сәтті өте білдік.
Конституциямыздың негізгі ережелеріне сүйене отырып, біз еліміз үшін маңызды түбегейлі өзгерістер өткіздік. Қазақстан дүниежүзілік аренаға танымал болды және әлемдік экономикалық жүйе ішінде өзінің лайықты орнын алды.
Біздің ауданымызда экономикамен қатар әлеуметтік саладағы білім, денсаулық сақтау жүйелері қарқынды дамып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жобалар іске асырылуда.
Бүгінгі күні, Отанымызды гүлдендіру жолында біздер өздеріміздің еңбектерімізбен және қоғам өміріндегі белсенді қатысуымызбен ата-бабаларымыз, аға ұрпағымыз құрған елімізді сақтай білуіміз керек.
Осы мереке күні Сіздерге бақыт, бейбітшілік, береке және тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуіне арнаған еңбектеріңізде жаңа жетістіктер мен толағай табыс тілеймін! Әр жанұяда игілік пен ертеңгі күнге деген нық сенім паналап, елімізді өркендету жолындағы ынталарымыз үлкен жеңістерге әкелсін!
Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы Г. Балбаева