Меню
Страницы

День столицы!

День столицы!

Құрметті жерлестер мен аудан қонақтары!

 

         6 шілдеде бүкiл Қазақстан Елорда күнiн тойлайды. Еуразия жүрегiнде осындай қысқа мерзiм iшiнде Қазақстанның күшi мен тәуелсiздiгiн бейнелейтiн қайталанбас, заманауи мегаполиске айналған бiрегей астана дүниеге келдi. Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан қаласы, бiрегей архитектуралық бейнесi, бiздiң көпұлтты елдiң достығы мен бiрлiгiнiң кепiлi.

         Әлемдiк ауқымдағы iс-шараларды өткiзумен бiздiң елордамыз әлемнiң көптеген астаналары арасында таныла бастады, бұл қазiргi заманғы және төзiмдi мемлекет ретiнде Тәуелсiз Қазақстанның имиджiн белсендi қалыптастыруға ықпал етедi. Елорда күнi — бұл бiздiң әрқайсымызға қымбат болатын жалпы халықтық мереке. Бiз оның даңқты тарихы мен заманауи жетiстiктерiн мақтан тұтамыз.

         Осы мереке күнi шын жүректен барлықтарыңызға жақсылық, бейбiтшiлiк пен Отанымыз — Қазақстанымызға жаңа жетiстiктер тiлеймiн. Бiздiң Астана қаламыз гүлденiп, одан әрi көркейе берсiн, ал әрбiр отбасының өмiрi қуанышпен және ертеңгi күнге деген сенiммен толсын. Мерекелерiңiзбен!

 

Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы                                                   Г. Балбаева

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты