Осы жылдың 16 мамырында, Facebook тікелей эфирінде көрсетілу арқылы Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы Н.О. Искаковтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қамысты аудандық мәслихатының кезекті 10-шы сессиясы өтті, сессияға Қостанай облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Томилина Н.В., ауданның мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдардың басшылары, ауыл және ауылдық округ әкімдері, ауданның Қоғамдық кеңесінің төрағасы, БАҚ өкілі қатысты.
Сессияның негізгі мәселелері:
1) «Қамысты ауданының 2024 жылдағы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы». «Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ басшысы- С.С.Сармурзина баяндама жасады. Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Томилина Наталья Васильевна қосымша баяндама жасады.
2) Қамысты ауданының ауыл және ауылдық округтерінің 2024 жылдағы бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептерін бекіту туралы.
3) Мәслихаттың 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 36 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен саластырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Аудандық мәслихаттың депутаттары ұсынылған шешімдердің жобаларын бірауыздан қолдады.