Ұлы Жеңіс  күнімен

Ұлы Жеңіс  күнімен

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді шын жүректен ерлік пен қайсарлықтың мерекесі – Ұлы Жеңіс    күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгiн, 9 мамыр, ерекше күн — Жеңiстiң 80 жылдығын тойлап отырмыз, мерекенiң ұлылығы бiздiң жадымыздан және тарихымыздан мәңгiлiк орын алады.

Барша әлем үшiн бүгiнгi және болашақ ұрпақ үшiн кеңес әскерлерi мен тыл еңбеккерлерiнiң жауынгерлiк ерлiгi қасиеттi, әрi мәңгiлiк. Тәуелсiздiк пен еркiндiк кез келген мемлекетке бұйырмаған. Ғасырлар бойы тәуелсiздiк үшiн батыр бабаларымыз жанын қиып, бостандық үшiн қанын төктi. Осы күресте Ұлы Отан Соғысы жылдары жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерi маңызды рөл атқарды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері көрсеткен еңбек, отансүйгіштік, бірлік пен ынтымақтастық қасиеттері –бүгінгі күнге дейін ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан үлкен құндылық.

Бейбiт елдiң ашық аспан үшiн ардагерлерге бас иiп, шексiз алғысымызды бiлдiремiз. Елiнiң бостандығы мен тәуелсiздiгi үшiн жанын қиған жауынгерлердiң есiмi ешқашан ұмытылмайды!

Республикамыз әрi қарай өркендеп гүлдене берсiн, әр отбасына тыныштық пен бейбiт өмiр тiлеймiн.

 

Қамысты аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                              Н. Искаков