Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – тек әскери қызметшілер үшін ғана емес, баршамызға ортақ қастерлі мереке.
7 мамыр – Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылған күні. «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Отан қорғау – қасиетті ұғым.
Бүгінгі ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді.
Олардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қалтқысыз қызметі – өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге.
Әскери қызметшілерге, ардагерлерге және барша отандастарымызға зор денсаулық, қажымас қайрат пен бақ-береке тілеймін!
Қамысты аудандық
мәслихатының төрағасы Н. Искаков