Сегізінші шақырылған Қамысты аудандық мәслихатының 2025 жылғы 8 сәуірдегі кезектен тыс сессиясы

Сегізінші шақырылған Қамысты аудандық мәслихатының  2025 жылғы 8 сәуірдегі кезектен тыс сессиясы

Осы жылдың 8 сәуірінде Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы Н.О.Ысқақовтың төрағалығымен Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілу арқылы ZOOM платформасында онлайн режимінде сегізінші шақырылған Қамысты аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Кадрлық өзгерістерге байланысты аудандық мәслихат депутаттары Қамысты ауданы әкімдігінің және Қамысты ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жеке құрамына енгізілген өзгерістерді келісті.
Сондай-ақ, мәслихаттың 2023 жылғы 14 қарашадағы № 105 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.