Осы жылдың 18 наурызында, Facebook тікелей эфирде көрсетілу арқылы Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы Н.О. Искаковтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қамысты аудандық мәслихатының кезекті 9-шы сессиясы өтті, сессияға Қамысты ауданының әкімі Е. А. Жаулыбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның мемлекеттік мекемелері мен ұйымдардың басшылары, ауданның Қоғамдық кеңесінің төрағасы, БАҚ өкілі қатысты.
Сессияның негізгі мәселесі «Аудандық мәслихат төрағасының 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі», Искаков Н.О. - Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы баяндама жасады.